Блог авторына: ҚР Премьер-Министрi
Санаттар: Тұрғындарды жұмыспен қамту
Саламатсызба мен Актобе облысы Шалкар ауданы бойынша айткалы отырмын, Ауданда жемқорлық жайлап тұр. Жұмысқа кіру мүмкін емес.барлық ғимаратты аудан әкімі жекешелеп алып кайтып мемлекетке аредага беріп отыр,Жол жок су жок тегін көлдін суында тартып тастады, осы мәселе бойынша талай рет теледидарданда корсетті, бірақ нәтиже жоқ. осы сұрақтарға калай жауап бересіз. Рахмет
Блог авторына: ҚР Премьер-Министрi
Санаттар: Еркін тақырып
Сәлеметсіз бе, Кәрім Мәсімұлы! Ежелгі рухани қала Түркістан қаласында туып-өскеніме 17 жыл болды. Оқу-білімге байланысты Астана қаласына қоныс аудардым. Жақында 2012 жылдың 28-29 сәуір аралығында Түркістанға ата-анама барып келдім. Туған жерімнің қазіргі жағдайы мені қатты алаңдатты. Рухани астана болғалы тұрған қаламыздың жағдайы мәз емес: қаланың орталығы және қала маңы қоқыстан көз алдырмайды, орталық базардың маңы мүлде сөзбен жеткізе алмайсың. Ата-бабаларымыз айтпақшы, тарихыңды құрметтемесең келешегің болмайды дегендей, қазір осы мәлелені қолға алмасақ, кейінгі ұрпаққа не қалдыратынымыз алаңдатады. Алдағы уақытта Түркістанда туризмді дамытамыз деген ойлар айтылған...
Осыдан қала әкімшілігі мен әкімінің жұмыстары қалай орындалып жатқандығын аңғаруға болады. Осы мәселені қарастырып, қатаң шаралар қолдануыңызды сұраймын!
Блог авторына: ҚР Премьер-Министрi
Санаттар: Еркін тақырып
Үкімет басшысы Кәрім Кажымканұлына! Сізді халықпен байланыс орнатып, көмектесіп отрығаныңызға мың да бір алғыс білдіремін. Сіздің еңбегіңізге жеміс, денсаулығынызға саулық тілеймін. Егеменді еліміздің өсіп өркендеу жолындағы ерен еңбегіңізді халқымыз жақсы біледі, әрқашан осы биіктіктен көріне беруіңізге тілектеспіз.
Құрметті Кәрім Кажымканұлы!
Мен, Мускенова Манзия Қанышқызы, 27.12.1990 ж. туған. Менің жұбайым Мускенов Жанат Қайратұлы, 2009 жылы Өскемен қалалық сотының үкімімен 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Оның ата – анасы қаза тауып, жетім балаларға арналған интернатта өскен. Біздің некемізден 1 бала бар, Қайрат Әли Жанатұлы, 22.04.2009 жылы туылған. Мен Павлодар облысы Баянауыл ауылында тұрамын. Қазіргі уақытта мен баламды жалғыз асырап отырмын және Баянауыл ауылында жұмыс істеймін. Осыған байланысты, және жолдың ұзақтығына, менің материалдық жағдайымның ауырлығына байланысты Өскемен қаласына кездесуге барып тұруға мүмкіндік жоқ. Ал мен баламның тәрбиесіне әкесі қатысса екен деп ойлаймын, себебі әр баланың әкесі болуы тиіс және әр бала толық жанұяда өсуі тиіс. Осы сұрақпен мен Ішкі істер министрлігінің қылмыстық – атқару комитетіне жүгінген едім, бірақ менің өтінішіме жауап болған жоқ.
Сізден өтініп сұрайтыным, Өскемен қаласы ОВ – 156/3 мекемесінде отырған менін жұбайым Мускенов Жанат Қайратұлын, 18.01.1989 жылы туған, жазасын өтеу үшін Павлодар облысында орналасқан түзету мекемелерінің біреуіне ауыстыруыңызды. Менің өтінішімді қарап, көмектесуіңізді сұраймын.
Алдын – ала алғыс білдіремін!
Мекен – жайы: Павлодар облысы
Баянауыл ауданы
Баянауыл ауылы
Абай көшесі 3
Тел: 87056142100
Осы отінішпен мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне К.Н Касымовқа бірнешерет жүгінген едім, бірақ менің өтінішіме жауап болған жоқ.Менің өтінішімді қанагаттандыру сураймын.
Блог авторына: ҚР Премьер-Министрi
Санаттар: Ипотека
Блог авторына: ҚР Премьер-Министрi
Санаттар: Шағын және орта кәсіпкерлік







